Инвестор нұсқаулығы

Индустриялық-инновациялық қызмет
Қазақстанның сыртқы суда палатасы
Қазақстанның сыртқы суда палатасы

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылды және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 100% еншілес компаниясы болып табылады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басты міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін білдіру.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы отандық экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетеді:

  1. Өңделген өнімдер /қызметтер өндірушілерінің экспорттық әлеуетін дамыту;
  2. Қазақстанның өңделген өнімдерінің экспортын жылжыту;
  3. ИИДМБ шеңберінде «экспорттық бағдарлау» идеологиясының Қазақстанның және шет елдердің іскерлік және әлеуметтік-саяси шеңберлерінде қалыптастыру, Қазақстанды шикізаттық емес өнімдерді экспорттайтын елге айналдыру идеясын жаппай сана-сезімге енгізу;
  4. Қазақстандық өнімдердің ресей нарығында (Ресейдің шекаралас өңірлерінде) танылуын арттыру;
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясын іске асыру.
«BRK-Лизинг» акционерлік қоғамы
«BRK-Лизинг» акционерлік қоғамы

«ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді. Компания «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларын қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылғы 6 қыркүйекте құрылды.

Компанияның мақсаты: лизинг, өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Қазақстан экономикасына шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға жәрдемдесу арқылы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, жетілдіру және тиімділігін арттыру.

Компанияның миссиясы: өнеркәсіп және инфрақұрылым секторларындағы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғыртуға және жаңартуға жәрдемдесу.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020», «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы сияқты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың негізгі операторларының бірі бола отырып,. өңдеу өнеркәсібі, өндірістік және көліктік инфрақұрылым сияқты мемлекет үшін басым секторларда орта және ұзақ мерзімді қаржылық лизинг қызметін ұсынады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұлттық даму институтын салаларды, әрекет етуші кәсіпорындарды технологиялық дамытуға, технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды ұсынудың басым бағыттары шеңберінде ұсынылады.

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыру және аумақтық кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырылады.

Миссия:
  • Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық қолдау арқылы елдің индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ету; Қазақстанның өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу;
  • Негізгі қызмет түрлері;
  • Индустриялық даму бағдарламаларын әзірлеуге, сүйемелдеуге, мониторингілеуге және бағалауға қатысу;
  • Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу;
  • Өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша салалық құзыреттерді қалыптастыру және дамыту;
  • Қазақстан өнеркәсібінің интеграциялық процестерін зерттеу;
  • Өнеркәсіптік саясаттың әлемдік тәжірибесін жүйелі түрде талдау;
  • Өнеркәсіптік саясаттың өңірлік аспектілерін қарастыру, инвестициялық жобаларды бағалау;
  • Аумақтық кластерлерді дамыту саясатын қалыптастыру;
  • «Өнімділік - 2020» бағдарламасының операторлық функцияларын орындау.
«KazakhExport» ҰК» АҚ
«KazakhExport» ҰК» АҚ

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы - экспортты қолдау және экспорттық операцияларды қорғауға арналған сақтандыру құралдарын іске асыру жөніндегі негізгі экспорттық сақтандыру агенттігі. Қазіргі уақытта «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сенімді басқарылуында. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы шикізаттық емес секторды экспорттайтын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық келісімшарттарын жүзеге асырумен бірге коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру үшін құрылған.

"KazakhExport" сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) және «Экспорттаушы-2020» бағдарламасын саудалық қаржыландыру жөніндегі операцияларды қолдау бойынша қаржы операторы.

Шикізаттық емес сектор тауарының экспорттық жылжыту бөлігіндегі ҮИИДМБ іс-шараларын іске асыру шеңберінде "KazakhExport" саудалық қаржыландыру жөніндегі операцияларды дамыту үшін жарғылық капиталды арттыруға 1,5 млрд. теңге алды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында отандық кәсіпкерлікті және өңдеу өнеркәсібін қолдауға арналған кешенді шаралар жүйелі түрде іске асырылуда.

Осылайша, Үкіметтің индустриалды дамуының негізгі бастамасы 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, оның шеңберінде "KazakhExport" өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық өнімдердің шетелдік нарыққа шығуын қолдау бойынша тетіктерін құруға бағытталған экспортты қолдау жөніндегі оператор ретінде қатысты.

«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ
«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ

«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты болып табылады және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және жергілікті қамтуды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.

«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»
2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі өтініштерін қабылдау және қайта өңдеу рәсімдерін жүргізеді, оның ішінде:

  1. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растауға қатысты консультациялық қызметтер үшін;
  2. Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту.

Өтемақы сомасы соманың 50% -ын құрайды, бірақ 3000 АЕК-тен аспайды.

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі

Сыртқы экономикалық қызмет саласында республиканың мүдделерін білдіретін мемлекеттік орган.

Сауда өкілдігінің негізгі басымдықтары:

  • Қазақстандық экспорттаушылардың немесе дистрибьюторлардың мүдделерін қорғау және олардың ақысыз негізде ресейлік сауда нарығына кіруіне және тұрақтануына қолдау көрсету;
  • Шетелдік инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық әлеуетті дамыту, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту;
  • Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту.

Сыртқы сауданы дамытуға қаржылық емес көмек құралы ретінде, Сауда өкілдігі бірнеше деңгейде қызмет көрсетеді:

  • Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді ресейлік нарыққа жылжыту, өңірлік деңгейде екіжақты ынтымақтастықты дамыту;
  • Ақпараттық-талдамалық көмек;
  • Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге