Инвестор нұсқаулығы

Еңбек заңнамасы және шетелдік жұмыс күшін тарту

Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді және (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге беруге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған және алымды төлеген кезде беріледі және (немесе) ұзартылады.

Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігіндегі ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттар қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруді және (немесе) ұзартуды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.

Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық қатынасына сәйкес келуге тиіс.

САНАТТАР

Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

  • бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
  • екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;
  • үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;;
  • төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.

Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.

Рұқсат беру және ұзартудың жоғарыда көрсетілген тәртібі:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
  • мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
  • өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;
  • Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;
  • шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.

Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, онда қабылдаушы тараптың уәкілетті адамы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді. Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезеңінде еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында жасалған құжатпен (хат немесе ауыстыру туралы келісіммен) реттеледі.

2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік жұмысшылар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қажет емес.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алынады

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

  • бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жыл;
  • екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;
  • төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;
  • маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.

РұЖергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді (№559 Ереженің 3-тармағы)

БІРІНШІ САНАТ

ЕКІНШІ САНАТ

ҮШІНШІ САНАТ

ТӨРТІНШІ САНАТ

Бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;

кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;

кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.


Шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруге қатысты заңнамада белгіленген талаптар келесі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қолданылмайды:

  1. дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Қорында" басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
  2. мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен расталған құжаттары бар;
  3. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ, аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санына сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
  4. құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалары бар, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтар аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бiрлескен шешiмiмен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік орталық орган өкілдері арасынан комиссия айқындайтын санаттар тізбесіне және санына сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
  5. экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуға келген;
  6. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
  7. шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
  8. еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесінде көзделген;
  9. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде немесе "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларда басшылар лауазымдарында және жоғары білімі бар мамандар болып жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды;

Еңбекі қызметін жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін тұлғалар тізбесі

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

  1. Оралмандар;
  2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес көшіп келушілер;
  3. Босқын немесе баспана іздеуші мәртебесін алған;
  4. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық себептермен келген көшіп-қонушылар болып табылатындар;
  5. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталғандар;
  6. Адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатындар;
  7. Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін, кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратындар;
  8. Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiндер;
  9. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;
  10. Теңіз және өзен кемесінің, әуе және теміржол көлігі экипажының мүшелері болып табылатындар;
  11. Әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;
  12. "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және органдары тартатындар;
  13. Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;
  14. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар;
  15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырушылар;
  16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер;
  17. Жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар.
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiндер.
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге