Экономика

Экономика

Маңғыстау облысының ЖӨӨ 2018 жылы 2,4 трлн. теңге (ҚР ЖӨӨ-дегі облыстың ЖӨӨ үлесі 6% құрады). Қазақстан өңірлерінің ішінде ЖӨӨ көлемі бойынша Маңғыстау облысы 4-орында

Маңғыстау облысының ЖӨӨ құрылымында қызметтерге 53,3% немесе 1,2 трлн. теңге, тауарларға – 46,7% немесе 1,1 трлн.теңге. Бұл ретте тауарлар бойынша ЖӨӨ-ге ең үлкен көлем өнеркәсіп өндірісіне – 99% немесе 1,3 трлн. ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 1% немесе 11,8 млрд. теңгені құрады.


Ауыл шаруашылығы
Маңғыстау облысында 2018 жылдың қорытындысы бойынша 11,8 млрд.теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, саладағы НКИ 104,7% - ды құрады.

ІҚМ басының 14,8% - ға (17,7 мың бас) өсуі байқалады. Сүт өндірісі 2017 жылға 12,9% - ға (109,2 тонна), тауық жұмыртқасы 38,4% - ға (482,9 мың дана) артты.

Өсімдік шаруашылығы
2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 934,7 га жерге орналастырылды, оның ішінде бақша дақылдары – 652,7 га, көкөністер – 456,5 га.


Мал шаруашылығы 
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 367,1 мың бас қой мен ешкі, 69,3 мың бас жылқы, 58,4 мың бас түйе, 56,8 мың бас құс, 17,7 мың бас ірі қара бар.


Өнеркәсіп
2018 жылы Маңғыстау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 1,3 трлн. теңге. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,5% құрады.

Төмендеу тау-кен өнеркәсібінде өндірістің қысқаруына байланысты (1,1 трлн. теңге, НКИ – 101,1%).


Өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалады, өндіріс көлемі-101,2 млрд. теңгені, НКИ-94,1% құрады. Есепті кезеңде өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі-7,8% құрады. Электрмен жабдықтау үлесі-3,7% және сумен жабдықтау үлесі – 0,5%.

Өзге металл емес минералдық өнімдер (құрылыс индустриясы) өндірісінің көлемі 88,8 млрд.теңгені құрады (НКИ 100,7%).

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,7 млрд. теңгені құрады,машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіруде 2 еседен астам өсім байқалды.

Химия саласында 24,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.. теңге. Резеңке және пластмасса бұйымдары (НКИ 76,3%), фармацевтикалық өнімдер (НКИ – 70%) төмендеді.

Машина жасауда 27 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2017 жылға қарағанда 31,4% жоғары. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 27,6 млрд. теңгені құрады (45,5% - ға өсті).

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге