Трұмов Серікбай Өтелгенұлы
Маңғыстау облысының әкімі
Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.
1981-1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;
1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;
1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;
1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;
2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
2015-2017 жж. – Ақтау қаласының әкімі.
2017 жылы қараша айында 6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
6-шы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты.
Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Мынадай мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың иегерлері:
«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».
2016 жылы «Құрмет» Орденімен марапатталды.